12.01.2010 14:18:52

Осы файлдың ең соңғы нұсқасы SQL Server 2008 Reporting Services қондырмасы readme файлы бетіндегі Microsoft қотару орталығында қол жетімді.

SQL Server бағдарламасында құжаттамалармен байланысты емес техникалық мәселелерді шешу үшін SQL Server пайдалану жөнінде көмек алу бетін қараңыз.

Мазмұны

1.0 Өң

SharePoint өнімдері мен технологияларға арналған Microsoft® SQL Server® 2008 Reporting Services қондырмасы — есеп серверін Microsoft SharePoint Foundation 2010® не Microsoft SharePoint Server 2010 ® бағдарламалармен біріктіруге мүмкіндік беретін Веб қотарулар. Reporting Services қондырмасы мына мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • Есептерді қарау мүмкіндігі, бірнеше бейнелеу пішімдірге экспорттау, бетті шарлау, іздеу, басып шығару және масштабтау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін Есеп көрсетушінің веб бөлігі.
  • Жазылуларды және кестелерді жасау, үлгі элементтері қауіпсіздігін орнату және есептерді, үлгілерді, деректер көздерін басқаруға арналған Веб беттер.
  • Құжаттарды басқару, ынтымақтастық, қауіпсіздік және есеп серверлері мазмұн түрлері бар орналастыру мүмкіндіктерін қамтитын Стандартты SharePoint Foundation 2010 және SharePoint Server 2010 мүмкіндіктері.
    і
  • Есептермен бірге SharePoint ескертулері, нұсқа бақылауы (ішін және сыртын тексеру), және Сүзгі веб-бөліктерді пайдалануға болады. SharePoint торабында Есеп көрсетушінің веб-бөлігін кез келген бетке не сандық тақтаға қосып оның көрінісін теңшеуге болады.
  • Есеп сервер мазмұнына қатынасты бақылау үшін SharePoint рұқсаттар деңгейі мен рөлдерді пайдалануға болады. Сондай-ақ, Интернет арқылы қосылуды қолдау үшін SharePoint пішіндер түпнұсқалығын пайдалануға болады.
  • SharePoint кітапханаларына есептер жеткізу үшін жазылуларда пайдалануға болатын жеткізу кеңейтімі.
  • Report Designer мен Model Designer алынатын есептер мен модельдерді SharePoint кітапханасына жариялау.
  • Report Builder бағдарламасындағы есептер мен модельдерді SharePoint кітапханасынан ашып, есептерді тораптағы SharePoint кітапханаларында сақтаңыз.
  • SharePoint біріктіру режимінде есеп сервер мазмұнын басқару үшін Simple Object Access Protocol (SOAP) соңғы нүктесі.

[Жоғары]

2.0 Осы шығарылымдағы мүмкіндіктер

Reporting Services қондырмасы SharePoint біріктіру үшін теңшелетін SQL Server 2008 R2 Reporting Services есеп серверлерімен бірге жұмыс істейді. Келесі тізім осы шығарылымдағы жаңа мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Қондырманың икемді орнатымы, яғни ол қазіргі таңда SharePoint өнімдері не технологиялары орнату алдында не орнатудан кейін қолданылады. SharePoint өнімдері не технологияларын орнату алдында орнату қондырманың жеңіл орналасуына алып келеді, себебі серверлер фермаға қосылғанда SharePoint фермасы файлдарды орналастырады.
  • SharePoint серверлерінің есеп серверлермен бірігу үшін жеңіл теңшеленуі. Қондырманың бұрыңғы нұсқасына қарағанда аяқтау қадамдары кемірек. Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint Central Administration торабында Report Server біріктіруді теңшеу
    бөлімін қараңыз.
  • SharePoint тізімінен деректерді есептер үшін деректер көзі ретінде пайдалану мүмкіндігі. SharePoint тізім ақпараттарын сіздің есебіңізге жеңіл қосу үшін Қондырма жаңа Microsoft SharePoint тізімімен және сұрақ тәжірибемен қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint List Data Source Type (Report Builder 3.0)
    бөлімін қараңыз.
  • Microsoft Access 2010® есептері және Reporting Services SharePoint тізім деректері кеңейтімдері SQL Server есептер қызметтері есеп серверіне қосылмай SharePoint құжаттық кітапханаларынан жергілікті түрде қосыла алады. Қосымша ақпарат алу үшін Report Viewer жергілікті режим есептерін дайындау (SharePoint біріктіру күйіндегі Reporting Services)
    бөлімін қараңыз.
  • SharePoint диагностикалық жұрналдың бір бөлігі ретінде теңшеуге болатын санат. Пайдаланушы интерфейсі қолданысына SOAP клиенттік проксиге жолданған санаттардың жазба ақпараттары. Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint бірігу режиміндегі Report Server үшін оқиғалар және SharePoint журнал трассировкасы үшін Reporting Services оқиғалары
    қараңыз.
  • SharePoint ішіндегі пайдаланушы интерфейсіне қатысты Reporting Services енді 37 тілді, иврит және араб тілдерінде қолданатын Оң жақтан сол жақ таңбалар жиымын және тай тілінің күрделі мәтінін қолдайды. Бұл қолдау есеп көрсетуші веб-бөлікті және веб беттерді қамтиды.
  • Report Builder бір рет басу мүмкіндігі Report Builder бағдарламасын тікелей есеп серверінен қотарады және сервердегі жүйе сипаттарын пайдаланады.
  • Құжаттық кітапханаларда есеп серверлерін көтерудің орнына жазылулар және егжей-тегжейлі сілтемелер тікелей байланысқан ресурстармен жұмыс істейді.
  • Report Builder сияқты клиенттерден келетін сұрауларды тыңдайтын HTTP қайта бағыттаушысы SharePoint бағдарламасына деректерді алдын ала өңдейді және есеп серверіне қайта бағыттайды.

[Жоғары]

3.0 Талаптар

Reporting Services қондырмасын орнату үшін, компьютер келесі біріктіретін SharePoint 2010 өнімдерінің немесе технологиялардың бағдарламалық және жабдық талаптарына қосымша болып табылатын бағдарламалық талаптарға сай болуы тиіс:

  • Microsoft Windows Installer 3.0 не жаңарақ.
  • SharePoint Foundation 2010 не SharePoint Server 2010. Windows SharePoint Services не Microsoft Office SharePoint Server2007 бұрыңғы нұсқаларында Reporting Services қондырмасы қолданылмайды.
  • Қондырма тек 64-биттік, яғни ол SharePoint 2010 өнімдер және технологиялардың талаптары.
  • Reporting Services қондырмасымен біріктірілген әрекеттерді теңшеу үшін есеп сервері SQL Server 2008 R2 болуы тиіс. Есеп сервері SQL Server желідегі кітаптарда сипатталғандай SharePoint біріктіру күйі үшін теңшелген болуы тиіс.
  • Қолданылатын SQL Server басылымдары Стандартты, Бағалау, Әзірлеуші және Кәсіпорын басылымдарын қамтиды. Сервер біріктіруі Жұмыстық тобы басылымында Reporting Services немесе Advanced Services арналған SQL Server Express басылымдарында қолданбайды.

3.1 SharePoint әкімшілігі және қызметтеріне арналған домендік пайдаланушы тіркелгі параметрлері

SharePoint өнімі және технологиясының орналасуы қызметтерді іске қосатын тіркелгілерді және алдыңғы қатар және артқы қатар сервер байланысын пайдаланады. Егер орналастыруыңыз үшін домен тіркелгілерін белгілейтін болсаңыз, ұсынылатын тәжірибелерді пайдаланып, жалғыз ғана SharePoint веб бағдарламасымен пайдаланылатын тіркелгілерді белгілеуіңіз қажет. Қызметтік тіркелгілерді SharePoint торабына кіретін белгілі адамдың домен пайдаланушы тіркелгісі ретінде іске қосатын етіп теңшемеңіз.

Домендік тіркелгі қажет егер:

  • SharePoint торабы және есеп сервері әртүрлі компьютерлерде болғанда.
  • SharePoint торабы енгізілген ретінде іске қосылатын бағдарламалар жинақтауышында орналасады, мысалы NetworkService ретінде.
  • SharePoint веб бағдарламасындағы Есеп серверінің сонғы нүктесі Сенімді тіркелгі күйін пайдаланатын етіп теңшелген.

Егер домен пайдаланушы тіркелгісін пайдаланбайтын болсаңыз, пайдаланушы есепті көргенде немесе SharePoint торабынан Reporting Services мүмкіндіктеріне қол жеткізген кезде келесі қате пайда болады:

"Есеп серверіне қосылғанда күтпеген қате болды. Есеп сервері қол жетімді екеніне және SharePoint біріктілген күйі үшін теңшелгеніне көз жеткізіңіз. '<acccountname>' пайдаланушыға берілген рұқсаттар осы әрекет орындау үшін жеткіліксіз."

Оны SharePoint өнімдер мен технологиялар құжаттамасында мына кеңестерді орындап, және бағдарламалар жинақтаушын домен ретінде шешуге болады. Қызметтік тіркелгілер талаптары және ұсыныстар туралы қосымша ақпарат алу үшін SharePoint өнім және технологиялар құжаттамасындағы Әкімшілік және қызметтік тіркелгілер үшін жоспар бөлімін қараңыз.

Ескертпе:
SharePoint 2010 өнімдер және технологиялар SharePoint біріктіру есеп қызметтері сияқты қызметтік теңшелім үшін домен тіркелгісін талап етеді.

[Жоғары]

4.0 Жаңарту

Егер сізде Reporting Services қондырмасы орнатылған болса оны соңғы нұсқасына дейін жаңартуға болады. Орнату бар нұсқаны анықтап сізден құптауды сұрайды. Егер құптайтын болсаңыз қондырманың бұрыңғы нұсқасы жойылып, жаңа нұсқасы орнатылады.

Reporting Services қондырмасы дананы есепке алатын емес. Компьютерде қондырманың тек бір данасын ғана орнатуға болады. Ағымдағы нұсқамен бұрыңғы нұсқаларды іске қоса алмайсыз.

5.0 Орнатуға және теңшеуге жалпы шолу

Reporting Services қондырмасын орнату және теңшеу бойынша орындалатын нақты қадамдар қажеттіліктеріңізге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мыналар негізгі қадамдарға жатады.

  • rsSharepoint.msi файлын пайдалана отырып, қондырманы орнатыңыз. SharePoint фермасын қолдануда қондырма әрбір веб-интерфейстік серверде орнатылуы тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін Reporting Services қондырмаларды орнату және жою әдістері
    бөлімін қараңыз.
  • SharePoint Central Administration торабында SharePoint фермасымен біріктіру үшін URL-мекенжайларын көрсетуді қамтитын Reporting Services URL-мекенжайын Reporting Serviбіріктіруді теңшеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint Central Administration торабында Report Server біріктіруді теңшеу
    бөлімін қараңыз.
  • SharePoint Central Administration торабында есеп серверін біріктіруді және Central Administration мүмкіндіктерінің торап жиыны мүмкіндіктері бойынша іске қосылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint Central Administration торабында Report Server қызметін біріктіруді іске қосу әдісі
    бөлімін қараңыз.
  • SharePoint Central Administration торабында Report Server қызметінің файлды үндестіру мүмкіндігін іске қосыңыз. Бұл мүмкіндік есеп сервері каталогымен үндестірілетін құжаттар кітапханасына қолмен көшіретін элементтерді сақтауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint Central Administration торабында Report Server қызметінің файлды үндестіру мүмкіндігін іске қосу әдісі
    бөлімін қараңыз.
  • Әрбір құжаттар кітапханасы үшін үш есеп беру қызметтерінің мазмұны түрін қосыңыз: есеп құрастырушы үлгісі, есеп деректері көзі, есеп құрастырушы есебі. Есеп беру қызметтерінің параметрлерін жаңа құжат тізімде қол жетімді етеді. Қосымша ақпарат алу үшін Кітапханаға Report Server мазмұны түрлерін қосу әдісі (SharePoint біріктірілген режиміндегі Reporting Services)
    бөлімін қараңыз.

[Жоғары]

6.0 Қондырманы орнату

Reporting Services қондырмасын орнату үшін компьютерде әкімші болуыңыз тиіс.

Reporting Services қызметін біріктіру мүмкіндігін іске қосу үшін Торап жиыны әкімшісі болуыңыз тиіс.

Бұл шығарылымды қондырманы SharePoint орнатудан бұрын немесе SharePoint орнатпасынан кейін орнатуға болады. Келесі SharePoint қолдану алдындағы стандарттарын қадағалайды және файлдарды SharePoint орнатпасы пайдаланатын орналасуына орнатады.

Ескертпе:
SharePoint өнімінен немесе технологиясынан бұрын қондырманы орнатудың артықшылығы: жаңа серверлердің жаңа фермаға қосылатыны, Reporting Services қондырмасы SharePoint фермасы арқылы теңшелетіні және іске қосылуы.

6.1 SharePoint өнімі немесе технологиясынан бұрын қондырманы орнату

Қондырма Reporting Services қызметтерімен біріктіргіңіз келетін SharePoint веб интерфейс бағдарламаларын іске қосатын барлық серверлерде орнатылуы тиіс. Егер SharePoint өнімі немесе технологиясы әлі орнатылмаған болса, барлық серверлерде қондырманы орнату шеберін іске қосуыңызға болады.

  1. Reporting Services қондырмасы үшін Орнату бағдарламасын (rsSharepoint.msi) қотарыңыз.
  2. Әкімші ретінде Орнату шеберін іске қосу үшін rsSharepoint.msi файлын іске қосыңыз. Шебер сәлемдесу бетін, бағдарламалық жасақтама шарттарын және тіркеу ақпараты бетін көрсетеді. Орнату нәтижесінде SharePoint 2010 қалталары %program files%\common files\Microsoft Shared\ орналасуы бойынша жасалып, файлдар қалталарға көшіріледі. Алдымен шығарылатын пәрменді шақыру терезесін ашып, пәрмен жолынан rsSharepoint.msi файлын іске қосу арқылы әкімші ретінде .msi файлын іске қосуыңыз керек.
  3. SharePoint Central Administration торабындағы есеп серверін біріктіру параметрлері мен мүмкіндіктерін іске қосуды теңшеңіз.

6.2 Қондырманы SharePoint өнімі немесе технологиясы орнатылғаннан кейін орнату

Қондырманы SharePoint өнімі немесе технологиясы орнатылғаннан кейін серверлерде орнату кезінде толық қондырма орнатпасын тек бір ғана SharePoint серверінде іске қосуыңызға болады. Фермадағы басқа SharePoint сервері үшін пәрмен жолындағы қондырманы орнататын файлдарды ғана іске қосыңыз. Тек файлдарды ғана орнату әрекеті файлдарды орнатады, бірақ орнату үрдісінің теңшелмелі әрекеттері бөлімін өткізіп жібереді.

Қондырманы барлық серверлерде орнатқаннан кейін есеп серверін біріктіруді теңшеу үшін SharePoint Central Administration торабын іске қосыңыз.

6.3 Тек файлдарды орнату

Файлдарды орнатып, ал таңдамалы әрекет қадамдарын өткізіп жіберу үшін пәрмен жолындағы .msi файлын SKIPCA параметрімен іске қосыңыз:

  1. Әкімшілік рұқсаттарымен пәрмен шақыруын ашыңыз.
  2. msiexec -i rsSharePoint.msi SKIPCA=1 файлын іске қосыңыз.

6.4 Қондырманы толығымен екі қадамдық орнату

Егер орнату барысында қателер пайда болса, Орнату әрекетін екі қадамдық үрдіс ретінде пәрмен жолынан іске қосыңыз. Файлдарды орнату үшін және таңдамалы әрекеттерді өткізу үшін алдымен Орнатуды іске қосыңыз да, орындалатын таңдамалы әрекеттерді іске қосыңыз. Reporting Services қондырмасын тек қана файлдар режиміне орнату үшін мыналарды орындаңыз:

  1. Әкімшілік рұқсаттарымен пәрмен шақыруын ашыңыз.
  2. msiexec -i rsSharePoint.msi SKIPCA=1 файлын іске қосыңыз.
  3. Файлдық жүйеден rsCustomAction.exe файлын табыңыз. Бұл файл компьютеріңізге Орнату бағдарламасы арқылы көшіріледі. Файл %Temp% каталогына орналастырылады.
    Файл үшін жол ақпаратын алу үшін Бастау түймешігін, Іске қосу түймешігін басып, %temp% теруіңізге болады. Файл \Documents and Settings\<атыңыз>\LOCALS~1\Temp мекенжайы бойынша орналасуы керек.
    Пәрмен шақыру терезесін ашыңыз. Мұны орындау үшін Бастау түймешігін, Іске қосу түймешігін басыңыз да, cmd теріңіз. Жаңарақ амалдық жүйеде рұқсаттарды шығарып, оны әкімшілілік рұқсаттармен іске қосыңыз.
  4. rsCustomAction орындалатын файлын қамтитын қалтаға шарлаңыз.
  5. Келесі пәрменді енгізіңіз. Бұл теңшеуді аяқтау бірнеше минут уақыт алуы мүмкін. W3SVC қызмет осы үрдіс барысында қайта іске қосылады.
    rsCustomAction.exe /i

6.4 Есеп серверін біріктіруді теңшеу

  1. SharePoint 2010 Central Administration бөлімінде Жалпы бағдарлама параметрлері қойындысын таңдаңыз.
  2. Reporting Services бағдарламасы бөлімінде Reporting Services қызметін біріктіру бөлімін қараңыз.
    1. Report Server веб-қызметінің URL-мекенжайы: Есеп сервері URL-мекенжайын көрсетіңіз (мысалы, http://example-server-name/reportserver). "localhost" пайдаланбаңыз. Неғұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін шолғыш терезесін ашып, пайдаланғыңыз келетін URL-мекенжайының дұрыстығын тексеріңіз. Дұрыс URL-мекенжайы есеп сервері иерархиясының түбірлік торабын ашады. Егер қате шықса, есеп серверінің URL-мекенжайы дұрыс емес және ол пайдаланылмауы тиіс. URL-синтаксисі туралы қосымша ақпарат алу үшін SQL Server Books Online бөлімінде «Есеп серверінің виртуалды каталогтарын теңшеу» бөлімін қараңыз.
    2. Прокси сервер соңғы нүктесінің есеп серверіндегі аты жасырын қосылымдарға тақырыпты жіберуін не жібермеуін көрсету үшін Authentication Mode бөлімінде Windows Authentication немесе Сенімді есептік жазба тармағын таңдаңыз.
    3. Қызметтік есептік жазбаны қайтару үшін есеп серверіне қосылу үшін Тіркелгі деректері тармағында Пайдаланушы аты және Құпиясөз түймешіктерін таңдаңыз. Есеп сервері компьютеріндегі жергілікті әкімшілер тобының мүшесі болып табылатын тіркелгінің деректерін енгізіңіз.
    4. Reporting Services қызметі мүмкіндіктерін іске қосу бөлімінен Reporting Services қызметі мүмкіндігінің барлық қолданыстағы тораптар жиындарында іске қосылуын немесе мүмкіндікті қосуға болатын тораптар жиындарының тізімін таңдаңыз.
    5. OK түймешігін басыңыз.
  3. Есеп жұрналынына шектеу қою мәнін таңдау бойынша орнату, жұрнал жүргізуді қосу, есепті өңдеу уақытының шегін белгілеу және есеп құрастырушыны қотаруды қосу үшін Reporting Services бөлімінде Сервердің әдепкі мәндерін орнату тармағын таңдаңыз

Қосымша ақпарат алу үшін SharePoint Central Administration торабында Report Server біріктіруді теңшеу және SharePoint Central Administration торабында Report Server мүмкіндігін іске қосу әдісі бөлімдерін қараңыз.

6.5 Рұқсаттарды орнату және Reporting Services мазмұны түрін қосу

Біріктіру үрдісін аяқтау үшін қатынағысы келетін барлық пайдаланушыларға арналған рұқсаттарды тексеріп, SharePoint веб-бағдарламасындағы есеп сервері мазмұнын басқаруыңыз керек. Бұл пайдаланушыларға бағдарламаға кіру рұқсатын беру үшін SharePoint топтарына немесе рұқсаттар деңгейлеріне пайдаланушыны және топтық тіркелгілерді тағайындауыңыз керек. Reporting Services мүмкіндігі SharePoint қауіпсіздік үлгісімен және рұқсаттарымен біріктіріледі, сонда Reporting Services мазмұны түріне қатынау осы құжаттар кітапханасындағы басқа элементтерге қатынаумен бірдей болады. Мысалы, егер пайдаланушыда құжаттар кітапханасында басқа элементтерді көруге рұқсаттары болса, ол осы кітапханадағы есепті де көре алады.

Есеп құрастырушыны пайдалану рұқсатына ие пайдаланушылар құжаттар кітапханасындағы Жаңа мәзірінде іске қоса алатындай етіп, Reporting Services мазмұны түрлерін қосқыңыз келеді. Қосымша ақпарат алу үшін Кітапханаға Report Server мазмұны түрлерін қосу әдісі (SharePoint біріктірілген режиміндегі Reporting Services) бөлімін қараңыз.

6.6 Орнату және теңшеуді тексеру

  1. Сервер күйін көру үшін Reporting Services Configuration Manager құралын іске қосу арқылы біріктіруді тексеріңіз. Ағымдағы Report Server бөлімі Report Server күйі үшін Біріктірілген SharePoint деп көрсетуі тиіс.
  2. Есеп сервері бетіне шолғыш терезесін ашу үшін Reporting Services Configuration Manager құралында Веб-қызметінің URL-мекенжайы тармағын таңдап, Report Server веб-қызметінің URL-мекенжайы тармағын басыңыз. Егер бет қате хабарларынсыз ашылмаса, есеп сервері дұрыс теңшелмеген болып табылады.
  3. SharePoint Central Administration торабында Жалпы бағдарлама параметрлері тармағын, одан кейін Reporting Services бөлімін таңдап, Сервердің әдепкі мәндерін орнату түймешігін басыңыз. Егер біріктіру дұрыс теңшелсе, бұл бет ашылып, есеп серверіне қосылымның сәтсіз болғанын көрсететін қатені шығармайды.
  4. SharePoint торабындағы кітапханаға шолу жасаңыз да, есеп анықтамасын (.rdl) файлы мен есеп үлгісі (.smdl) файлын қотарыңыз. Есептің деректер көзі сипаттары дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Деректер көзінде сыртқы деректер көзіне дұрыс қосылым жұмысы болуы тиіс. Тіркелгі деректері түрі желі түріне сәйкес болуы тиіс. Әсіресе, егер Kerberos түпнұсқалық растамасы доменіңізге қосылмаған болса, есеп сервері басқа компьютерде болған жағдайда Windows біріктірілген қауіпсіздік тіркелгісі деректері түрін пайдалануға болмайды. Оның орнына сақталған тіркелгі деректерін көрсетуіңіз керек. Деректер көзі сипаттарының дұрыстығын тексергеннен кейін есепті ашу үшін есеп атауын таңдауыңызға болады. Есеп автоматты түрде Есеп көрсетуші веб-бөлігін ашады.

[Жоғары]

6.7 Reporting Services қондырмасын жою

Reporting Services қондырмасын Бағдарламалар мен мүмкіндіктердегі Windows басқару тақтасынан жоюыңызға болады. Жою күйіндегі Орнатуды (.msi файлы) іске қосу арқылы Reporting Services қондырмасын жоюыңызға болады.

Ескертпе:
Фермадағы іске қосылған серверден қондырманы алып тастау нәтижесінде қондырма фермадағы барлық серверлерден жойылады. Егер тек қондырманы бір серверден алып тастағыңыз келсе, алдымен серверді SharePoint фермасынан алып тастап, қондырманы жойыңыз.

Қондырманы жою нәтижесінде есеп серверінде есептер мен үлгілерді өңдеу үшін пайдаланылатын серверді біріктіру мүмкіндіктері жойылады. Орнату нәтижесінде жасалған немесе кітапханаға қотарылған файлдар да, сондай-ақ, кестелер, жазылымдар немесе есеп жұрналдары да жойылмайды. Бұл элементтерді жоюды қондырмаларды жоюдан бұрын қарастырыңыз. Reporting Services қызметтік тіркелгісіне жасалған SharePoint дерекқоры логиндерін де жоюыңыз керек.

  1. Бұдан әрі пайдаланбайтын кез келген есепті және басқа да есеп сервері элементтерін алып тастаңыз. Қондырма алынып тасталғаннан кейін олар іске қосылмайды.
  2. Басқару тақтасында Бағдарламалар немесе Бағдарламалар мен мүмкіндіктер тармағынан SQL 2008 R2 Reporting Services SharePoint қондырмасы түймешігін таңдаңыз.
  3. Жою түймешігін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Reporting Services қондырмаларды орнату және жою әдістері бөлімін қараңыз.

[Жоғары]

7.0 Белгілі ақаулықтар

8.0 Құжаттама ескертпелері

Ағымдағы уақытта құжаттама мәселелері жоқ.

Қосымша ақпарат

Басқа ресурстар

SharePoint Central Administration торабында Report Server мүмкіндіктерін іске қосу әдісі